Компания туралы
“QAZAQGAZ AIMAQ” АҚ — барлық он төрт газдандырылған облыстарда және Республикалық маңызы бар үш қалада газ тарату құбырларын пайдаланатын Қазақстан Республикасындағы ірі газбен жабдықтаушы компания.
Компания туралы
“QAZAQGAZ AIMAQ” АҚ 60,9 мың шақырымнан астам тарату және магистральдық газ құбырлары мен барлық қажетті инфрақұрылымды қамтитын Қазақстандағы ең ірі газ тарату кешеніне айналды. “QAZAQGAZ AIMAQ” АҚ Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қалаларды, ауылдарды, елді мекендерді газдандыру, сондай-ақ оларды одан әрі урбандау және өнеркәсіптік әлеуетті дамыту үшін газ инфрақұрылымын құру жөніндегі тапсырмаларын орындайды.
Тарих
2002 жыл
Біздің компанияның құрылған күні
2005 жыл
"өңірлік газ тасымалдау жүйесі" АҚ-ға қосылу
2007 жыл
"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ атауын өзгерту
2024 жыл
"QAZAQGAZ AIMAQ" АҚ атауын өзгерту
Біздің басымдықтарымыз – Қазақстан Республикасы тұтынушыларын газбен жабдықтаудың қолжетімділігін, сенімділігін және сапасын арттыру. Қызметтердің сапасы, мерзімі мен құнының ең жақсы үйлесіміне біз, жұмыстарды кәсіби орындау және тұтынушыға ерекше назар аудару арқылы қол жеткіземіз.
Компанияның пайымы: “QAZAQGAZ AIMAQ” АҚ қуатты кадрлық әлеуетке ие, жоғары материалдық-техникалық базасы бар, заманауи инновациялық және ақпараттық технологиялармен қамтамасыз етілген, сондай-ақ. Қазақстанды газбен жабдықтау саласында қызметтер көрсету бойынша жетекші компания бола отырып, табиғи газды жеткізу мен тасымалдаудың сенімділігіне, жоғары сапамен қамтамасыз етуге әрі қызмет тиімділігін арттыру мен ғылыми-техникалық әлеуетті пайдалануға одан әрі кепіл болады.
2007 жылдың 11 маусымынан бастап компания газ тарату құбырларымен өз өндірістік филиалдары арқылы көгілдір отынды тасымалдауға кірісті. “QAZAQGAZ AIMAQ” АҚ-ның жалғыз акционері “QazaqGaz “ҰК”АҚ болып табылады. “QazaqGaz” ҰК ” АҚ “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ ” АҚ-ның портфельдік компаниясына кіреді.