Оқиға орны: Шолохова пен Чехов көшелерінің қиылысы, Турксіб ауданы.
«Алматы су» МКК ШЖҚ сумен жабдықтау департаментінің аудандық пайдаланымдағы аумағында жер қазу жұмыстары кезінде орта қысымды 426 мм-лік газ құбыры зақымдалып, асфальттық қабатта жарық пайда болды.
Оқиға орнында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ««QazaqGaz Aimaq» АҚ-ның Алматы өндірістік филиалы зақымдалған аумақты 50 метрлік радиуста тексеріп шықты. 5 метр шамасындағы аумақтағы газдың газ құрамының мөлшері 0,7–0,8% құрады. Қазіргі сәтте құбыр зақымдалған жерді «QazaqGaz Aimaq» АҚ-ның апаттық-диспетчерлік қызметі тәулік бойына кезекшілікпен бақылауда ұстап отыр.
2024 жылдың 22 желтоқсанында таңертеңнен бастап зақымдалған құбыр толық жөнделгенге дейін «QazaqGaz Aimaq» АҚ-ның Алматы өндірістік филиалының газ желілерін жөндеу және сервистік қызмет көрсету қызметі мамандары апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді деп жоспарланды. Жұмыстарды атқару барысында газ беру уақытша тоқтатылады. Ол төмендегі аумақты қамтиды:
– 3058 жеке үй;
– 505 көп қабатты үй (5 қабатқа дейін, 1515 су бағанасы);
– 53 коммуналдық- тұрмыстық кәсіпорын.
«Qazaqgaz Aimaq» АҚ тұрғындар мен кәсіпорын иелеріне орын алған жағдайға түсіністік танытуды сұрайды. Біз қауіпсіздік шараларын сақтауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз.
Қосымша ақпарат алу үшін «Сенім телефоны» байланыс орталығының 5169 нөміріне хабарласыңыздар.
Көгілдір отынды қайта беру жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқтала салысымен жүзеге асырылады.