2024 жылдың 4 желтоқсанында орта қысымды газ құбырынан ауаға газ таралу салдарынан (құбырды орнатқан жеке компанияның зауыттық ақауы бар сапасыз материалды қолдануына байланысты) аталмыш учаскенің қауіпсіздігіне қатысты төтенше жағдай орын алды. Алайда ауаға газ таратып жатқан құбыр бөлігі жедел қалпына келтірілген. Дайындық жұмыстары аяқтала салысымен «QazaqGaz Aimaq» АҚ тұтынушыларды алдын-ала ескертіп, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары үшін 5 желтоқсанда- бір күнге апаттық газ беруді тоқтатқан болатын. Көгілдір отын «Көктал-2» және «Агрогородок» тұрғын үй алаптарында уақытша өшірілді.
Жағдайды оқиға орнында аудандық әкімшіліктің Энергетика басқармасы мен «QazaqGaz Aimaq» АҚ Астана өндірістік филиалы басшылығы қадағалады. Тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осы тұста айта кетер жайт, апаттық жағдайлармен байланысты талаптарға сәйкес, әр тұтынушының үйінде (электр пеші, көмір және тб) болуы тиіс.
Сағ 21:00-де газ құбырының апаттық учаскесі толықтай қалпына келтіріліп, газ қайта берілді. Тұтынушылардың барлығын газға қосу сағ 23:00 аяқталды.
Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және тұтынушылар тарапынан түсіністікке сенім артамыз. Барлық жұмыстар газ желілерін қауіпсіздікпен және тұрақтылықпен қамтамасыз етуге бағытталған.