«QazaqGaz Aimaq» АҚ 2024 жылдың желтоқсанында Шымкент қаласы мен Батыс Қазақстан облысында атаулы әлеуметтік (АӘК) және тұрғын үй көмегін (ТҮК) алатын азаматтарды қолдауға бағытталған пилоттық жобаның жүзеге асырылатынын хабарлайды.
Жоба аясында аталмыш аймақтарда тұратын АӘК және ТҮК алушы азаматтар eGov Mobile қосымшасының басты бетіндегі «Әлеуметтік әмиян» сервисінде тауарлық газға жеңілдікті пайдалана алады.
АӘК және ТҮК мәртебесіне ие азаматтар 1414 нөмірінен «QazaqGaz Aimaq» АҚ абоненттеріне тауарлық газға ваучер түріндегі жеңілдік қолжетімді екендігі туралы SMS-хабарлама алады. Ваучерді «Әлеуметтік әмиян» қызметінде белсендіру қажет.
Тұтынушыларға қолайлы болуы үшін оларға тұратын мекен-жайының есептік шотын көрсетсе жеткілікті. Және де тұтынушыға үй-жай құжатын (жекеменшік/ жалға алынған) өткізудің қажеті жоқ.
Жеңілдік мөлшері газға есептелген соманың 24%-на дейін жетуі мүмкін. Жеңілдік Шымкент қаласы (631 м3/айына) мен Батыс Қазақстан облысы (833 м3/айына) әкімдіктерімен бекітілген тұтыну газ нормасына сай тұтынылған газ көлеміне берілмек (Тұтыну газ нормасын бекіту барысында сыртқы ауаның орташа айлық температурасы, ғимараттың қуат тиімділігі класы және өзге де көрсеткіштер есепке алынды).
Пилоттық жоба бес ай бойына жүзеге асырылып, әрі ол цифрландырылуға және өзге өңірлерге қанат жаюға бағытталмақ.
Бастама Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылдың 2-ші қыркүйегіндегі «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауы аясында Мемлекет басшысының, мемлекеттік қолдау оған шын мұқтаж жандарға бағытталуы маңызды деп атап көрсеткен тапсырмасына сәйкес орындалуда.
Толыққанды ақпарат пен бейне-нұсқаулықты сенім желісінде (5169 қысқа нөмірі) бойынша немесе aimaq.kz сайтынан алуға болады.