You are currently viewing Су тасқынының салдарын жою жұмыстарына қатысқан газ қызметкерлері марапатталды  

Су тасқынының салдарын жою жұмыстарына қатысқан газ қызметкерлері марапатталды  

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде су тасқынының зардаптарын жою жұмыстарына қатысқан QazaqGaz компаниялар тобының қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті. Мемлекет басшысының Құрмет грамотасымен келесі азаматтар марапатталды:

Лебедев Сергей Михайлович, «QazaqGaz Aimaq» АҚ Батыс Қазақстан өндірістік филиалының жерасты газ құбырларын пайдалану және жөндеу жөніндегі 4-разрядты слесарі;

Төлегенов Әбіл Қабдығалиұлы, «QazaqGaz Aimaq» АҚ Атырау өндірістік филиалы Махамбет газ мекемесінің бригадирі;

Тәпеков Әлібек Исатайұлы, «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Атырау» МГҚБ Редут желілік өндірістік басқармасының желілік пайдалану қызметінің құбыр операторы.

Бұрын-соңды болмаған су тасқыны кезінде QazaqGaz қызметкерлері қызметтік және азаматтық борышын өтеуде адалдық танытты. Төтенше жағдайда олар өздеріне бекітілген учаскелерде тәулік бойы бақылау жүргізіп, бөгеттерді салу мен нығайту жұмыстарына қатысты. Сондай-ақ, мамандардың жұмысының арқасында күнделікті тұрмыста газды пайдалануға байланысты төтенше жағдайлар болған жоқ.

Сонымен қатар, газ қызметкерлері зардап шеккен отбасыларға көмек пен материалдық қолдау көрсетті.

Бұған дейін  «QazaqGaz» ҰК» АҚ «Samruk-Kazyna Trust» қорына тасқын судан зардап шеккендерге 2,1 млрд теңге қаржы жіберді. Өңірлердегі апаттық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға QazaqGaz компаниялар тобының 915 қызметкері мен 205-ке жуық техника жұмылдырылды.