You are currently viewing   ГАЗҒА УЛАНУДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!

  ГАЗҒА УЛАНУДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!

«Газдан уланып қайтыс болыпты». «Бір отбасы газдан уланыпты». «Газдан иістеніп, ауруханаға түсіпті»… Өкінішке орай, осындай жайсыз хабарларды естіп, жабырқап жатамыз. Қайғылы оқиғалар легі басылмай тұр.

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - WhatsApp-Image-2024-11-11-at-14.52.46-2.jpeg

Жылыту маусымы басталған сәттен газдан улану фактілері жиілей түседі. Ең өкініштісі бұған басты себеп – тұтынушылардың өз өмірлері мен денсаулықтарына деген немқұрайлылық. Табиғи көгілдір отын адамдарға жылулық пен жайлылық бергенімен, оның қауіпсіздік шаралары қатаң сақталмаған жағдайда қауіпті екендігін ескеру, әлі де қазақстандық тұрғындар әдебіне айналмай отыр.

          Табиғи газ –метан, иіссіз әрі түссіз! Қауіптілігі де сонда! Демек, үйіне тұрмыстық көгілдір отын кіргізген әр отбасы газ мамандарының әр кеңесін мұқият орындап, қауіпсіздік ережелерін сақтауы тиіс! Ол қиын емес. 

Республикамыздың барлық аймағын тоқтаусыз әрі апатсыз газбен қамтамасыз етуші «QazaqGaz Aimaq» АҚ жыл бойына тұрғындар арасында тұрмыстық газды қауіпсіз пайдалану бойынша түсіндірме жұмыстарын үнемі жүргізіп отырады. БАҚ пен әлеуметтік желілерде де ескертулер үздіксіз беріліп жатады. Алайда, небір қайғылы жайттардан сабақ алмайтын тұтынушылар әлі де азаймай тұрғанын төмендегі деректер растайды:

2022 -2024 жж аралығында 65 рет газ жарылуы (2022 ж-19, 2023-21, 2024-10) орын алыпты.

Улы газбен улану оқиғасы осы мерзім аралығында 232-ге (2022-34, 2023-62, 2024 -28) жеткен.

Зардап шеккендердің жалпы саны осы аралықта 634 болса, оның 233-і адам өлімімен аяқталған.

Жуықта ғана орын алған бірнеше жайтты мысалға келтірейік. Күні кеше ғана Қызылорда қаласында зақымдалған мұржа салдарынан үш адам газға уланып қайтыс болды.

Қызылорда облысының Арал қаласында газ жарылуы себебінен екі адам зардап шекті. Ол оқиға абоненентің газға қосымша қосу орнын монтаждауға рұқсат құжатынсыз, біліктілігі жоқ мамандарды жалдағаны нәтижесінде орын алғаны белгілі болды. Монтаждау жұмыстары барысында қауіпсіздік шаралары бұзылуы газды ауа қоспасының жарылуына әкеп соқтырған. Тағы бір оқыс оқиға. Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында  жеті адам улы газбен уланған. Сәтін салып, ажалдан аман қалды. Ол үйде қазандық мұржасы дұрыс тартпаған әрі ол жартылай ашық тұрған, ал газдануды жеке бақылау жүйесі электр көзіне қосылмаған. Өкінішке орай, осы іспеттес қайғылы әрі өкінішті жағдайларды тізе берсек жеткілікті.

Бұл жайттар газ жабдығын тұрақты тексеру мен оған қызмет көрсетудің маңыздылығын айғақтайды. Орны толмас өкінішке апаратын оқиғаларды болдырмау үшін мұржаның жай-күйіне ерекше сақтық таныту қажет. Түтін тартқыштарды дұрыс пайдаланбау немесе оның нашар тартуы улы газбен улануға, адам өмірі мен денсаулығына орасан зор зиянын тигізеді. Сондықтан техникалық қызмет көрсету мен қауіпсіздік нормаларын орындау әр тұтынушының басты басымдығына айналуы тиіс.

Мұржалардың жай-күйіне техникалық қызмет көрсету

Есіңізде болсын! Жұмыс істеп тұрған газ аспаптарын қауіпсіз пайдалануға және желдету арналары мен түтін мұржаларының жарамды жай-күйіне үй иелері жауапты! Бірақ, өкінішке орай, үй иелері мұржаларды үнемі тазалап, тексеріп тұруға салғырт қарайды.

Мұржаның тұтастығын, оның бітелмеуін және түтіннің тартылуын үнемі тексеріп отыру қажет.  Қыс мезгілінде далада тұрған мұржаға мұз қатуы мүмкін, сондықтан оның мұзбен бітелмеуін үнемі тексеріп, мұржа қақпағын ашып, мұздан тазарту керек.

Газ тұтыну жабдығын пайдалану кезінде улы газ тарағанда газ беруді өшіру автоматикасы бар дабылқаққыш сигнализаторларды орнатқаныңыз жөн.

                                 Қауіпсіздікпен қамтудағы тұтынушы рөлі

Жылыту құралдарын, соның ішінде газ жабдығын пайдаланудағы жауапсыздық – уланулар мен түрлі жағдайдағы жарылыстарға апарып соқтырады. Тұтынушылар газ жабдықтарын өздіктерінен қосады, жалғайды немесе мамансыз орнын ауыстырады. Сонымен қатар күмәнді не қолдан жасалған газ қондырғыларын қолданады. Бұл – өмірді қатерге тігу!

Газға улану оқиғалары байқалса, айналаңызда улы газбен байланысты оқыс оқиға орын болса, шұғыл түрде 104 нөміріне хабарласыңыз!

«QazaqGaz Aimaq» АҚ қызметкерлері барлық азаматтарды 2024-2025 жылдардағы жылыту кезеңін қауіпсіз және жайлы өткізу үшін қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Табиғи газды пайдалануда абай болыңыздар!