You are currently viewing Қытайда Қазақстандағы «ақылды» газ есептегіштерді өндіруді оқшаулау бойынша ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойылды

Қытайда Қазақстандағы «ақылды» газ есептегіштерді өндіруді оқшаулау бойынша ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойылды

Премьер-министр Олжас Бектеновтың ҚХР-ға сапары аясында өткен арасында  қазақстан-қытай инвестициялық дөңгелек үстелде «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС, «QazaqGaz Aimaq» АҚ және «Goldcard Smart Group» компаниясы арасында аталмыш келісімге қол қойылды.

Аталмыш келісім Қазақстандағы газ саласын цифрландыруға сондай-ақ, газды есептеудің зияткерлік технологияларын ендіруге бағытталған маңызды қадам боп табылады.

Бұған дейін Пекинде «Самұрық-Қазына» Басқармасы төрағасы Нұрлан Жақыпов Goldcard басшысы Ян Бинмен кездесу өткізіп, «ақылды» газ есептегіштері жобасы бойынша ынтымақтастық жобаларын талқылаған болатын.

Goldcard Smart Group – Қытайдағы газ, су және сутекті есепке алудың интеллектуалды жүйелеріне маманданған коммуналдық қызметтерді цифрландыру шешімдерін жеткізетін ірі қытайлық компания. Компания 40-тан астам елге кірген және 60 миллионнан астам үй шаруашылығына қызмет көрсетеді. Goldcardтың осы уақытқа дейін Қазақстанда 80 мыңға жуық ақылды газ есептегіштері пайдаланылды.

Аталмыш келісім Қазақстан аумағында газ есептегіштерін өндіруді оқшаулау үшін «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС-і мен Goldcard арасында бірлескен кәсіпорын құруды көздейді.

«QazaqGaz Aimaq» АҚ осы бірлескен кәсіпорынды «Газды цифрлық есепке алу» жобасында қазақстандық өндірістің «ақылды» есептегіштерінің әлеуетті жеткізушілерінің бірі ретінде қарастырады.

Газды есепке алудың зияткерлік жүйелеріне көшу QazaqGaz Aimaq газ тарату компаниясына газды есепке алудың дәлдігін арттыруға және тұтынушыларға қызмет көрсетудің сапалы жаңа деңгейін ұсынуға мүмкіндік береді.

Интеллектуалды газды есепке алу жүйелерін енгізудің артықшылықтарына мыналар жатады:

1.       Мобильді қосымшада тұтынушылардың газ шығынын бақылау мүмкіндігі;

2.       Адам факторы мен бақылаушының жүктемесін азайту;

3.       Алаяқтықпен байланысты тәуекелдерді азайту;

4.       Абоненттердің қауіпсіздігін арттыру.

Ресурстарға ұқыпты қараудың, CO2 шығарындыларын азайтудың және газды есепке алу процестерін автоматтандырудың жаһандық трендіне сүйене отырып, көптеген Азия және Еуропа елдері «ақылды» есептегіштерді қолдануға сәтті көшкен.