You are currently viewing ЕРМАХАН МАҢҚАРАЕВ: «МЕН КӘСІБИ БОРЫШЫМДЫ ҒАНА ОРЫНДАДЫМ»

ЕРМАХАН МАҢҚАРАЕВ: «МЕН КӘСІБИ БОРЫШЫМДЫ ҒАНА ОРЫНДАДЫМ»

Шымкент қаласындағы бір пәтерде газға уланған отбасы құтқарылды. Тілсіз жаудың тырнағынан құтқару бақыты бұл жолы «QazaqGaz Aimaq» АҚ-ның Шымкент қалалық өндірістік филиалының апаттық-диспетчерлік қызметінің cлесарьы– Ермахан Маңқараевқа бұйырыпты. 19 жылдан бері газ саласында еңбек етіп келе жатқан маман, уланып қалған адамдарға жедел жәрдем келгенге дейін жоғары кәсіби деңгейде алғашқы медициналық көмек көрсетіп, шұғыл түрде газ жабдығын өшірген. Жылдам іс-қимылының арқасында екі жас бала мен олардың ата-анасын аман алып қалды. Ол өзін «батырмын деп емес, кәсіби борышымды ғана атқардым» деп есептейді. Осылайша еңбек борышын адал атқарған бүгінгі күннің «қаһарманы» – Ермахан Маңқараевқа ажалдан аман қалған жас отбасы ғана емес, бүкіл қазақстандықтар алғыс айтуда.  Оған алғашқылардың бірі болып алғыс айтқан «QazaqGaz» ұлттық компаниясының төрағасы Санжар Жаркешов арнайы марапатпен қошемет көрсетті.

Сонымен қатар, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков те қайғылы оқиғаның алдын алып, ол күнді бақытты сәтке айналдырған қарапайым ғана газ маманын ерекше марапатқа лайық деп тапты. Біздің кейіпкеріміз кәсіби маманның қоғамдағы рөлі қашанда құнды екенін тағы бір дәлелдеді.