Тарифтер мен бағалар

21.04.2020 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты Қазақстан Республикасының барлық аумағындағы азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында, Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен (бұдан әрі-Жарғы) 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 2020 жылғы 15 сәуір аралығы кезеңінде төтенше жағдай (бұдан әрі-ТЖ) енгізілді, Президенттің  2020 жылғы 14 сәуірдегі № 306 Жарлығымен 2020 жылғы 1 мамырға дейін ұзартылды.

«Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 5) тармақшасына сәйкес ТЖ енгізілген кезде оның әрекет ету кезінде жиналыстарды, митингiлер мен  басқа да бұқаралық iс-шараларды  өткізуге тыйым салынады.

Осыған байланысты, 2020 жылғы 29.04. «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ өндірістік филиалдарымен бұрын жоспарланған тұтынушылар мен басқа мүдделі тұлғалардың алдындағы 2019 жылдың қорытындылары бойынша есеп жөніндегі жария тыңдалымдарды өткізу кейінгі мерзімге ауыстырылады.