Әйтеке би ауданында “QazaqGaz Aimaq” АҚ Ақтөбе өндірістік филиалының жаңа әкімшілік ғимаратының салтанатты ашылуы өтті.
Естеріңізге сала кетейік, Әйтеке би ауданында газ құбырларын тарту және газдандыру жұмыстары 2016 жылы жүзеге асырылды, табиғи газ берілген алғашқы елді мекен 7000-ға жуық тұрғыны бар Т.Жүргенов ауылы.
Бүгінгі таңда ауданның 3200-ден астам үйі көгілдір отынмен қамтамасыз етілген, ал газдандыру 13 елді мекенді қамтиды. Қазіргі уақытта Сұлукөл, Қияқты және Ұлғайсын елді мекендерін газға қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Әйтеке би газ шаруашылығында күн сайын аудан тұрғындары үшін үздіксіз және қауіпсіз газбен жабдықтауды қамтамасыз ететін 14 адам жұмыс істейді.