Ағымдағы жылдың 8 қазанында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде газбен жабдықтау және тауарлық газды үнемді тұтыну мәселелері бойынша заң жобасының таныстырылымы өтті.
Түзетулерге Мемлекет басшысының 2023 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау мақсатымен Мәжіліс депутаттары бастамашы болды. Құжатты депутат Екатерина Смышляева таныстырды.
Заң жобасының негізгі ережелері:
- Газды тұрмыстық мақсатта тұтынушыларға қатысты «үнемді тұтыну» түсінігі енгізіледі;
- Газды ішкі нарықта сату кезінде оны есепке алудың ашықтығын қамтамасыз ету және автоматтандыру;
- «QazaqGaz» ҰК» АҚ газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор тарапынан газдандыру жобаларын іске асыру кезінде жергілікті атқарушы органдарға бақылауды күшейту;
- Тариф құрудың жаңа әдістерін енгізу.