1-31 қазан аралығында «QazaqGaz Aimaq» АҚ Шымкент өндірістік филиалы тұрмыста газды қауіпсіз пайдалану бойынша айлық өткізеді.
Бұл іс-шаралар кешені тұтынушыларға газбен қауіпсіз жұмыс істеу ережелерін тағы бір рет еске салу үшін өткізіледі.
Айлықтың мақсаты – газды пайдалану кезінде жазатайым оқиғалардың алдын алу. Өндірістік филиал қызметкерлері жүргізетін барлық іс-шаралар тұрғындарды тұрмыстық газ құралдарын қауіпсіз пайдалану ережелерінің талаптарымен таныстыруға бағытталған.
Айлықты өткізу кезінде «QazaqGaz Aimaq» АҚ қызметкерлері газ желілері мен аспаптардың жай-күйіне, оларға техникалық қызмет көрсету сапасына күшейтілген бақылауды жүзеге асырады. Газ қызметкерлері тұтынушыларға газ аспаптарын қауіпсіз пайдалану туралы парақшалар-жадынамалар таратады, оқу орындарында дәрістер өткізеді, техникалық кабинеттерде халыққа нұсқамалар өткізеді, тұтынушылардың газды пайдалануы кезінде жазатайым оқиғаларға жол бермеу мәселелерін талқылау мақсатында газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуді (ҮІГЖ ТҚК) орындайтын мердігер ұйымдармен кеңестер ұйымдастырады, сондай-ақ өңірлердің ТЖД-мен бірлесіп жоспарлы негізде қауіпсіздік бойынша рейдтер жүргізіледі.
Көбінесе жазатайым оқиғалар – жарылыстар, өрттер мен уланулар халықтың газ аспаптарымен ұқыпсыз пайдалануынан және оларды пайдаланудың қарапайым ережелерін сақтамауынан туындайды. Ережелер мен сақтық шаралары қарапайым, оларды ұмытпаңыз және газды қолданған кезде әрқашан сақ болыңыз.