Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында «QazaqGaz Aimaq» АҚ Бас директоры Бауыржан Асқаров газ шаруашылығы объектілерінің алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындығын тексере отырып, оларға инспекция жүргізді. Өткен жылыту маусымы аяқталғаннан кейін, наурыз айында басталған дайындық жұмыстары кестеден бұрын ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін аяқталды.
Жалпы, Ұлытау облысын газдандыру 2021 жылы басталған. Бүгінгі таңда аймақты газдандыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Бауыржан Асқаровтың айтуынша, жылыту маусымына дайындық жұмыстары үнемі бақылауда болады.
– Біз үшін күзгі-қысқы жылыту кезеңіне сапалы дайындық мәселесі қазақстандықтардың осы қыста үйлерінде жылулық пен жайлылықтан ләззат алуына ештеңе кедергі болмас үшін ең басымы. Сондықтан аймақтағы газ шаруашылығының тұрақты және сапалы жұмысын үнемі бақылау қажет. Бүгінгі таңда Ұлытау облысында Жезқазған қаласы мен Талап ауылының тұрғындары табиғи газға қол жеткізіп отыр. Жезқазған қаласы мен оған іргелес кенттер бойынша барлығы 2000 тұтынушы газға қол жеткізе алады, олардың 46% – ы газға қосылған. Қосылған абоненттердің жалпы саны – 918. Тұтынушыларды сенімді және үздіксіз газбен жабдықтау мақсатында Жезқазған қаласының желілерін белсенді жаңғырту жалғасуда, – деп атап өтті Б. Асқаров.
«QazaqGaz Aimaq» АҚ Бас директоры Бауыржан Асқаров пен Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы арасындағы кездесу барысында Жезқазған газ шаруашылығының жылыту маусымына дайындығы негізгі тақырып болды.
Сонымен қатар, «QazaqGaz Aimaq» АҚ Бас директоры мен облыс әкімінің орынбасары Ұлантай Үсенов Ұлытау облысының Талап ауылындағы №14 мектепті табиғи газға қосу рәсіміне қатысты. Бұл аймақтағы табиғи газға қосылған алғашқы оқу орны болып табылады және оқушылар үшін ыңғайлы оқу жағдайларын қамтамасыз етеді.
Ұлытау облысында Қазақстандағы мыстың ірі өндірушісі – «Kazakhmys Smelting» ЖШС сияқты ірі өнеркәсіптік объектілер табиғи газға қосылған. Жұмыс сапары аясында «QazaqGaz Aimaq» АҚ Бас директоры Бауыржан Асқаров «Kazakhmys Smelting» ЖШС басшылығымен кеңес өткізді, онда газбен жабдықтау және ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Компанияның әлеуметтік маңызды жобаларының бірі – халықтың әлеуметтік осал тобына жататын Жезқазған қаласындағы Қабанбай батыр шағын ауданының 12 үйін табиғи газға қосу. 2023 жылы жалғыз көмір қазандығының істен шығуына байланысты «Шұбаркөл Премиум» компаниясының демеушілігімен «QazaqGaz Aimaq» АҚ бұл үйлерді тегін газдандырып, оларды тұрақты және қауіпсіз жылыту көзімен қамтамасыз етті. Бас директоры сол үйлерге соғып, тұрғындармен тілдесті.
Сонымен қатар, жұмыс сапары аясында компанияның Бас директоры Бауыржан Асқаров пен Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ұлантай Үсенов Жезқазған қаласының жаңа ықшам аудандарға қарасты газ реттегіш пунктін (ГРП-7) іске қосты, осылайша тағы 1711 үй газға қол жеткізе алады.
Барлық іс-шаралар күзгі-қысқы кезеңде тұтынушыларды тұрақты және үздіксіз газбен жабдықтауға бағытталған.
Сондай-ақ, жылыту маусымының басталуы қарсаңында «QazaqGaz Aimaq» АҚ мамандары қазақстандықтарды тұрмыста газды қауіпсіз пайдалануға шақырады. Үйдегі түтін мұржалары мен желдету арналарын уақтылы тексеру және тазарту, газдан ажырату автоматикасы бар табиғи және көміртегі газының шығып кетуін анықтайтын сигнализаторларды орнату қауіпсіздік кепілі болып табылады. Бұл қарапайым ережелер табиғи газды пайдалану кезінде жазатайым оқиғаларды болдырмауға көмектеседі.