Қазақстанда газ тасымалдау жүйесін алдағы жылыту маусымына дайындау жұмыстары толығымен аяқталды. Наурыз айынан бастап, QazaqGaz Ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорны «QazaqGaz Aimaq» АҚ мамандары 2024-2025 жылдардағы жылу беру кезеңіне дайындық жұмыстарын белсенді жүргізді.
Еліміздің барлық өңірлерінде газ тарату желілерін толық тексеру, жөндеу жұмыстары жүргізілді, қолдану мерзімі жеткен жабдықтар ауыстырылып, жаңа газ құбырлары салынды. Компанияның дерегінше, қазіргі уақытта отандық газ тарату желілері алдағы жылыту маусымына 100% дайын.
– Алдағы жылыту маусымына арналған жұмыстар биылғы наурыз айында басталды. Жалпы, республика бойынша табиғи газға қосылған 14 облыс пен республикалық маңызы бар 3 қала бойынша күзгі-қысқы кезеңге дайындық жұмыстары 1 қыркүйекке дейін толық аяқталды, – деп атап өтті «QazaqGaz Aimaq» АҚ Бас директоры Бауыржан Асқаров.
Өткен демалыс күндері Астана тұрғындары мен қаладағы кәсіпорындарды табиғи газбен қамтамасыз ететін негізгі нысандар тағы бір тексерілді.
Бүгінгі таңда, Астана қаласын газдандыру деңгейі 88% құрайды. Газға қосылу мүмкіндігі бар 11 728 абоненттің 10 329-ы газға қосылған. Елорданың газ желілерінің жалпы ұзындығы 702 шақырымды құрайды.
Астана үшін маңызы зор нысандардың бірі – «Интернациональный» тұрғын алабын газбен қамтамасыз ететін газ реттеу пункті. Қазіргі уақытта осы тұрғын алабында тұратын 1 084 абоненттің 622-сі осы газ реттеу пунктінің желісіне қосылған. Бүгінгі күні әлеуметтік маңызы бар объектілерді және осы аудан тұрғындарын сенімді және үздіксіз газбен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін төмен қысымды газ құбырларын бір-бірімен тұйықтау жұмыстары жүргізілуде.
Ел Президенті Астана мен қала маңындағы елдімекендерді газдандыру жұмыстарын жандандыру қажеттігін үнемі айтып келеді. Соған сәйкес, қалалық газ инфрақұрылымын дамытумен қатар, QazaqGaz Aimaq қала маңындағы елдімекендерді газдандыру жобаларымен де белсенді жұмыс істеуде.
– Өзіміздің инвестициялық жобамыз аясында Ақмола облысы Целиноград ауданының Нұрлы кентін газдандыру жұмыстарының барысын тексеріп шықтық. Осы жоба аясында 67 мың метрден астам газ құбыры салынады. 2024-2025 жылдарға жоспарланған жұмыстарымызды кестеден бұрын орындап келеміз, 202ғ жылдың басында барлық жұмысты аяқтауды жоспарлап отырмыз, – деп атап өтті Бас директор Бауыржан Асқаров.
2024 жылдан 2026 жылға дейінгі кезеңге жоспарланған Қосшы қаласын газдандыруға да ерекше назар аударылады. Осы жоба шеңберінде салынатын газ құбырларының жалпы ұзындығы шамамен 409 километрді құрайды.
Инспекция барысында барған негізгі нысандардың бірі Қорғалжын тас жолы мен Тұран даңғылының бойындағы перспективті аудандарды жылумен қамтамасыз ететін “Тұран” газ жылу станциясы болды.
2024–2026 жылдарға жоспарланған Қосшы қаласын газдандыруға да ерекше назар аударылып отыр. Осы жоба аясында салынатын газ құбырларының жалпы ұзындығы шамамен 409 шақырымды құрайды. Құрылыстың жалпы құны 10,8 млрд теңгеден астам. Қаланы газбен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін бір газ реттеу пункті және 43 шкафты газ реттеу пункті орнатылады, бұл 12 мыңнан астам тұрғын үйді газға қосуға мүмкіндік береді. Қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады. “QazaqGaz Aimaq” АҚ жергілікті атқарушы орган орындайтын құрылыс-монтаж жұмыстарына техникалық қолдау мен бақылауды жүзеге асырады.
Сонымен қатар, тексеріс барысында Бас директор Қорғалжын тас жолы мен Тұран даңғылының бойындағы перспективалы аудандарды жылумен қамтамасыз ететін “Тұран” газ жылу станциясына барды. “Тұран” газ жылу стансасын “QazaqGaz Aimaq” АҚ 2023 жылы табиғи газға қосып, өткен жылыту маусымында стансаны үздіксіз газбен қамтамасыз етті.
Қазіргі уақытта өңірлерде жылыту маусымына дайындық паспорттары ресімделіп, бұл дайындық құжаттары жергілікті атқарушы органдармен келісілді.