Қостанай облысына жұмыс сапарымен барған «QazaqGaz Aimaq» АҚ бас директоры Бауыржан Асқаров ең алдымен газ шаруашылығының алдағы жылыту маусымына дайындық барысын тексерді. Алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық өткен жылыту маусымы аяқтала сала, наурыз айында басталды, бұл жұмыстар «QazaqGaz» ҰК» АҚ басшылығының ерекше бақылауында.
Газ шаруашылығы нысандарының жұмысымен танысқан Бауыржан Асқаров, Қостанай облысында орналасқан автоматты газ тарату станциясына (АГТС-150), газ реттеу пункттеріне (ГРП-44, ГРП-17, ГРП-62) барды.
«QazaqGaz Aimaq» АҚ бас директоры Бауыржан Асқаровтың айтуынша, жылыту маусымына дайындық жұмыстарының сапалы орындалуын тексеріп, қадағалап отыру тұрақты жалғасады.
– Біз үшін алдағы жылыту кезеңіне сапалы дайындалу – басты ұстаным. Өйткені, қыс мезгілінде тұрғындар «көгілдір отыннан» тапшылық көрмеуі тиіс. Қазіргі уақытта Қостанай өндірістік филиалы 198 380 тұрмыстық тұтынушыны және 2 503 коммуналдық-тұрмыстық және өнеркәсіптік кәсіпорындарды газбен қамтамасыз етеді, – деді Б.Асқаров.
Жылыту кезеңіне дайындық шеңберінде «QazaqGaz Aimaq» АҚ Қостанай өндірістік филиалының қызметкерлері ГРП ғимараттарына ағымдағы жөндеу жүргізді, бекіту арматурасы мен газ құдықтарына техникалық қызмет көрсетуді орындады, желідегі тұрақты қысымды және тұтынушыларға газды үздіксіз беруді қамтамасыз ету үшін ескірген жабдықтарды ауыстыру және айналма газ құбырларын орнату жұмыстарын жүргізді. Биыл пайдалану мерзімі 40 жылдан асқан 600 мм-лік бұрандалар ауыстырылды. Бұл ескірген клапандарды ауыстыру газ бағытын тиімді реттеуге мүмкіндік береді. Жұмыстың басым бағыттарының бірі газ құбырларын коррозиядан қорғау болды. Ағымдағы жылы қорғаныс әлеуетін қолдау үшін 16 катодты қорғаныс станциясы ауыстырылды.
«QazaqGaz Aimaq» АҚ бас директоры Бауыржан Асқаров Қостанай облысындағы газ инфрақұрылымы күзгі-қысқы кезеңге 100% дайын екенін атап өтті. Жалпы, Қостанай облысында газ құрылыстары мен газ құбырларын қыста дайындау жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілді және толық аяқталды.
Сонымен қатар, компания басшысы Бауыржан Асқаров Қостанай филиалының бөлім басшыларымен кездесіп, өндірістік сұрақтарды талқылады. Барлық іс-шаралар қыс мезгілінде тұтынушыларды тұрақты және үздіксіз газбен қамтамасыз етуге бағытталды.
Сондай-ақ, жылыту маусымының басталуы қарсаңында «QazaqGaz Aimaq» мамандары қазақстандықтарды газды ұқыпты тұтынуға шақырады. Үйдегі түтін мұржалары мен желдету арналарын уақтылы тексеру және тазарту, бөлмеге газ тарағанда газдан автоматты түрде ажырататын дабыл қаққыштарды орнату – қауіпсіздіктің кепілі болып табылады. Бұл қарапайым ережелер табиғи газды пайдалану кезінде жазатайым оқиғаларды болдырмауға көмектеседі.