«QazaqGaz Aimaq» АҚ Бас директоры Бауыржан Асқаров Алматы өндірістік филиалы объектілерінің алдағы жылыту маусымына дайындығын тексерді. Дайындық жұмыстары наурыз айында, алдыңғы жылыту маусымы аяқталғаннан кейін басталды, бұл жұмыс «QazaqGaz» ҰК» АҚ басшылығының тұрақты бақылауында.
Алматы өндірістік филиалының директоры Ақылбай Сапаров филиалдың жылыту маусымына дайындығы 96% екенін атап өтті.
Жыл басында еліміздің оңтүстік өңірлерінде жер сілкінісі болып, салдарынан Алматы мен Шымкент қалаларындағы, Жамбыл, Жетісу және Түркістан облыстары елді мекендеріндегі газ құбырлары зақымданған еді. “ДЛС-Пергам” жылжымалы зертханалары тексерген газ құбырларынан 48 ақау табылды. Қалпына келтіру жұмыстары күн-түн демей жүргізілді, “QazaqGaz Aimaq” АҚ қызметкерлерінің табанды жұмысының арқасында барлық ақаулар, айналаға қауіп төндірмей, жедел жөнделді.
Зақымданған осындай күрделі учаскелердің бірі – Алматыдағы Әл-Фараби мен Меңдіқұлов көшелерінің қиылысында өткен ғасырдың 70-жылдары жүргізілген орташа қысымды жерасты газ құбыры еді. Жылыту маусымына дайындық аясында “QazaqGaz Aimaq” АҚ Алматы өндірістік филиалының мамандары диаметрі 426 мм газ құбырының зақымдалған учаскесін ауыстырды.
«QazaqGaz Aimaq» АҚ басшылығы, сондай-ақ, 104 апаттық-диспетчерлік қызмет автомобильдерінің жабдықталуымен танысты және газ желілерін пайдалану қызметінің мамандарымен өндірістік мәселелерді талқылады.
Барлық іс-шаралар қыс мезгілінде тұтынушыларды тұрақты және үздіксіз газбен қамтамасыз етуге бағытталған. «QazaqGaz» ҰК» АҚ компаниялар тобы алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын аяқтап келеді.