Ағымдағы жылдың 5 тамызында Ақтөбе облысына сапары барысында «QazaqGaz Aimaq» АҚ Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Сәлім Нағым 2024 жылға арналған инвестициялық бағдарлама іс-шараларын жүзеге асыру аясында жүргізіліп жатқан құрылыс объектілерін аралады.
Сәлім Нағым «Ақтөбе қ. «Керуен-Сити» СОО-на дейін орташа қысымды жерасты газ құбырының орналасқан жерін өзгертіп және ауыстыра отырып, №33 ГРП-ны БГРП-ға ауыстыру (2-ші және 3-ші іске қосу кешендері)» объектісінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысымен танысты. «QazaqGaz Aimaq» АҚ Ақтөбе өндірістік филиалы бас инженерінің орынбасары Жанболат Оңғаров орындалып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
С.Нағым келіп түсетін материалдарға кіріс бақылауын күшейтіп, объектідегі бригада санын көбейтіп, жұмыстарды сапалы орындау және оларды жылыту маусымы басталғанға дейін аяқтау туралы тапсырмалар берді.
Сондай-ақ, Сәлім Нағым «Ақжар кенті, Ақжар-2 т/а, Қарғалы ауылы, Заречный-2 кенттерінде жоғары және орта қысымды айналма газ құбырларын жаңғырту (1-ші және 2-ші кезектер)» объектілеріне барды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының мерзімінен бұрын орындалып жатқанын атап өткен жөн.