«QazaqGaz Aimaq» АҚ қызметкерлері алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындықты өткен жылыту маусымы аяқтала сала бірден бастады.
Газ мамандары қазіргі сәтте алдағы жылыту маусымына әзірлік жұмыстарының 36% -ын аяқтап үлгерді. Жалпы, жылыту маусымына дайындық барысы жоспарға сай әрі сапалы жүргізілуде. Еліміздің барлық аймақтарында газ қондырғыларын жөндеу мен ауыстыру жұмыстарын Компанияның техникалық қызмет көрсету мамандары атқаруда.
Бүгінде 261 щақырым газ құбыры арнайы құралмен тексерілді Сонымен қатар, жерасты газ құбырларының электрохимиялық қорғанысы да тексерістен өткізілді. 447 газ тарату пункті мен 45 мың шкафтық тарату пунктіне толық жөндеу жүргізілді. Жылыту маусымына дайындық шаралары аясында 30-ға жуық техникалық жұмыс атқарылады.
Компанияның өндірістік филиалдары кестеге сай өткізіп жатқан дайындық жұмыстары жылыту маусымының қалыпты өтуінің кепілі болмақ.
Газ мамандары жоспарлы дайындық жұмыстарынан бөлек, тұтынушыларға табиғи газды пайдалану барысында қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын тағы бір еске салады. Аймақтардағы өндірістік филиал мамандары елдімекендерді күн сайын аралап, тұтынушыларға қауіпсіздік ережелері жазылған жадынамаларды таратады және көгілдір отынды үнемді пайдалануға шақырады. Сондықтан есік-терезе саңылауларын бітеп, жылудың босқа далаға кетпеуінің алдын алуға кеңес береді.