Түрлі өңірлердің тұрғындары «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-на өздерін газ қызметінің жұмысшылары ретінде таныстырып жүрген адамдардан зардап шеккендерін айтып шағымдануда. Алаяқтар үй ішіндегі құрылғылардың техникалық қызметі үшін ақша талап етіп, қаражат төленбеген жағдайда газ беруді тоқтататындарын айтқан. Бірақ, олар ешқандай қызмет көрсетпеген.
Алаяқтар “ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ атауына ұқсас атау қойып, ұйым ашып, жалған қызметтік құжаттар арқылы тұрғындарды алдап жүр.
Мәселен, жуырда тұтынушылар Ақтау қаласына жақын елді-мекенге белгісіз әйелдің барып, өзін газ қызметінің жұмысшысы ретінде таныстырғаны туралы видеоны жіберді. Ол жазбада белгісіз әйел тұрғындарға, атауы “ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ-на ұқсас ұйымның мөрі қойылған түсініксіз хатты көрсеткен. Тұрғындардың айтуынша, алаяқ тұтынушылардан ақша талап еткен. Қаражатты төлемеген жағдайда газ беру тоқтатылып, айыппұл салынатынын жеткізген.
Осыған ұқсас жағдай Түркістан облысында да орын алды. Өздерін газ қызметінің жұмысшылары ретінде таныстырған алаяқтар, тұрғындарға газ жүргізіп береміз деп уәде етіп, ақшаларын алып қашып кеткен.
Алданған үй иесі “ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ хабарласқан. Тұрғын ұйымның атауына сеніп қалған. Бас газ қызметінің жұмысшылары учаскелік полиция қызметкерімен бірге “мердігерді” тауып, ақшаны үй иесіне қайтып берген.
Есіңізде болсын!
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тұтынушыдан заңнамаға сәйкес үйішілік газ жабдығы бойынша қызмет көрсету шартының болуын талап ете алады, бірақ шарт жасасу үшін нақты ұйымды көрсете алмайды.
Сондай-ақ, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қызметкерлері төлемді дәл сол жерде төлеуді талап етпейді. Барлық төлемдер ресми түрде берілген шот-фактура бойынша кассалар арқылы жүзеге асырылады.
Осыған орай, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тұрғын үй жағдайында газды пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, газды іске қоспас бұрын, тұтынушы үйішілік газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету жөніндегі ұйыммен келісім-шартқа отыру қажеттігін хабарлайды.
Ондай қызметтер бәсекелестік ортада. Егер олар сізге газ жабдығының желдету құбырын немесе мұржасын тексеруге келсе:
- қызметтік куәлікті тексеріңіз;
- түбіртекте көрсетілген байланыс нөмірлері бойынша қызмет көрсететін ұйымға хабарласыңыз;
- қызметкерлердің іс-қимылын мұқият бақылаңыз;
- қандай да бір бұзушылықтар анықталса, акт толтыруды талап етіңіз!
- алдын-ала төлем жасамаңыз.
Еске саламыз! Ақауы бар газ құрылғыларын пайдалану арқылы сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың өміріне қауіп төндіресіз.
Газды тұтынатын жабдықты пайдалану кезінде газ беруді автоматты түрде өшіру арқылы табиғи және көміртегі газының ағуына жауап беретін дабылдарды орнатыңыз.