“ҚазТрансГаз” АҚ-ның Астана өндірістік филиалы мамандары Ақмола облысының Аршалы ауданы Жібек жолы ауылын су тасқынынан қорғау жұмыстарына атсалысты. Газ мамандары Астана іргесіндегі кенттің 6-ықшамданын айнала қоршап бекіту жұмысын орындады.
Суға қарсы бекініске қажетті материалдар, бітегіш заттар және арнайы қаптар әкелінді. Табиғи апатқа қарсы алдын алу шарасына 3 техника қолданылып, 36 адам қатысты.