7 ақпан күні кешке Алматы қаласында “ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ мамандары “Пергам” жылжымалы зертханасының көмегімен жерасты газ құбырының ақауын тапты.
“ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ Алматы, Талдықорған, Шымкент, Тараз қалаларындағы жер сілкінісінің салдарынан газ құбырларында орын алуы мүмкін ақауларды “ДЛС-Пергам” жылжымалы мобильді зертханалары арқылы тексеріп келеді. «Пергам» жылжымалы зертханасы газ құбырларындағы ақауларды жедел анықтауға және дер кезінде қалпына келтіру жұмыстарын бастауға мүмкіндік береді.
Жерасты газ құбырындағы ақау анықталған соң, “ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ апаттық қызметі құбырдағы газ бұрандаларын жауып, табиғи газды тек тамақ дайындау үшін пайдаланатын 130 көпқабатты үйді, сондай-ақ “Мұзтау” шағын ауданындағы 173 жеке үйді газдан уақытша ажыратты.
Қауіпсіздік ережелеріне сәйкес, түнгі уақытта жұмыс жүргізуге тыйым салынғандықтан, жөндеу жұмыстары 8 ақпан күні таңғы сағат 8:00-де басталды.
Сағат 9:00-ден бастап Алматы қаласы Құрманғазы-Қайырбеков-Панфилов-Төле би көшелерінің аумағындағы көппәтерлі үйлердің абоненттеріне газ беру жұмыстары басталды.
Сондай-ақ, жерасты газ құбырындағы ақау орнын анықтау және апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Газдан ажыратылған абоненттерді табиғи газға қосу 8 ақпан күні толығымен аяқталады.
Ақпарат үшін: 23 қаңтарда болған жер сілкінісінен кейін “ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ мамандары “Пергам” жылжымалы зертханасының көмегімен күн сайын газ құбырлары мен газ құдықтарын тексеріп келеді. Осы уақыт ішінде “ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ Алматы өндірістік филиалының қызметкерлері жерасты газ құбырларында 15 ақауды анықтады. 1074 газ құдықтарын тексеріп, 58 ақау табылды. Барлық ақаулар жедел түрде қалпына келтірілді, негізінен абоненттер газдан ажыратылған жоқ. 7 ақпанда “Пергам” жылжымалы зертханасының көмегімен Алматы қаласының Медеу ауданындағы газ құбырларынан тағы екі ақау табылды.