You are currently viewing «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ: сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды нығайту және тәуекелдерді азайту

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ: сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды нығайту және тәуекелдерді азайту

Ашықтықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді төмендету стратегиясы шеңберінде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тұрғын үйлерді газдандыру қызметтері бойынша айқын баға белгілеуді қамтамасыз етуге бағытталған инновациялық және тиімді шараларды ұсынды. Бұл бағыттағы негізгі құрал – құрылыс-монтаждау ұйымдары мен әлеуетті тұтынушылардың өзара іс-қимылы үшін компания құрған Маркетплейс market.ktga.kz.

Бұдан басқа, Компания 2023 жылдың қазан айының басында eGov.kz электрондық үкімет порталында техникалық шарттарды алуға өтінім беру сервисін іске қосты, бұл клиенттермен өзара әрекеттесу процесін едәуір жеңілдетеді және үйден шықпай-ақ онлайн-қызмет арқылы алуға болатын техникалық шарттарды ұсынуда ашықтыққа ықпал етеді.

Сондай-ақ, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық тәуекелдерін болдырмау және азайту үшін кең ауқымды шаралар қабылдауда. Компания «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі өзінің міндеттемесін атап көрсетеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді бағдарламаның маңызды бөлігі «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы саясаты болып табылады. Контрагенттермен өзара әрекеттесу кезінде Компания олардың адал және этикалық мінез-құлқына, сондай-ақ саясат қағидаттарын сақтауға дайын екендігіне назар аударады.

Компанияда құрылған комплаенс қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың іске асырылуын бақылауға жауапты. Бұл қызмет компаниядағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын қамтамасыз етеді. Комплаенс қызметі compliance@ktga.kz адресі бойынша комплеанс мәселелері жөніндегі өтініштерді қабылдауға дайын.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі тұрақты стратегия шеңберінде 2023 жылы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ жаңа Корпоративтік қауіпсіздік департаментін құру туралы шешім қабылдады. Департаментті құрудың мақсаты бақылау жүйесін күшейту және компания ішіндегі қауіпсіздік пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне кешенді көзқарасты қамтамасыз ету болып табылады. Корпоративтік қауіпсіздік департаменті компанияның Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы нормативтері мен заңнамасына толық сәйкестігін қамтамасыз ету үшін қолданыстағы комплаенс қызметімен белсенді өзара іс қимыл жасайтын болады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлерінің қатысуымен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Орталық аппаратта да, өндірістік филиалдары мен газ шаруашылықтарында да конференциялар, оқыту және презентациялар тұрақты негізде өткізіледі, олардың барысында осы саладағы реформалар мен инновациялар талқыланады және негізгі құқықтық актілер түсіндіріледі.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қиын жағдайларда да қырағылықты жоғалтпайды. 2023 жылғы қарашада Жезқазған газ шаруашылығында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық анықталған кезде Компания барлық қажетті ақпаратты бере отырып және тергеу жүргізуге жәрдемдесіп, құқық қорғау органдарымен белсенді ынтымақтастықта болды.

Қазіргі уақытта «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қоғамға сыбайлас жемқорлық фактілері туралы Бірыңғай байланыс орталығы және 5169 қысқа нөмірі бойынша жедел желі арқылы анонимді түрде хабарлауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Компания әлеуметтік желілерде белсенділік танытып, тұрғындарға сыбайлас жемқорлық көріністері туралы хабарлар мен шағымдар үшін платформа ұсынады.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ сыбайлас жемқорлықпен күресуге, ашықтық пен әдептілік шараларын енгізуге қатысты өз ұстанымын растайды, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және анықтау мақсатында қоғамның барлық тараптарымен белсенді өзара іс-қимылға шақырады.