“ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ өңірлерде тұтынушыларды табиғи газға қосу жұмыстарын белсенді жүргізіп келеді.
2023 жылы еліміздің 11 өңірінде газбен жабдықтау жүйесіне жаңдан 107 елді мекен қосылды. Өткен жылы абоненттердің саны 95 202-ге өсіп, “ҚазТрансГаз Аймақ” компаниясының абоненттерінің саны 2 миллион 361 мыңнан асты.
Абоненттер саны Астана, Қарағанды, Теміртау, Жезқазған қалаларында да өсіп келеді. Астана қаласында табиғи газға 10 мыңдық абонент қосылды. Қарағанды қаласында табиғи газға қосылған 2 мыңыншы абонент «көгілдір отынның» қызығын көріп отыр. Жезқазған қаласына іргелес ауылдарды газдандыру жұмысы жаңа қарқын алуда. Газ құбырлары үйлердің дәл алдына дейін жеткізілді.
Жалпы, Ұлытау облысын газдандыру 2021 жылы басталды. Бірінші болып Талап кентінің тұрғындары көгілдір отынға қосылды, бүгінгі күні мұндағы 145 үйдің 26%-ы, яғни, 78-і газға қосылды.
2023 жылы Жезқазған іргесіндегі Қабанбай батыр кенті газдандырылды. Алайда, газдандыру жұмыстарын бастамақшы болған “ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ мамандары күтпеген қиындыққа тап болды. Бұл ауылдағы көптеген тұрғынның өздері тұрып жатқан үйлерінің заңды құжаттары болмай шықты. Көп үйдің ешқандай құжаты да жоқ болып шықты, онда тұратын адамдар коммуналдық төлемдерді туыстары мен таныстарына тіркелу арқылы төлеп келген. Мұндай заңдастырылмаған және құжаты табылмаған үйлерді газдандыру мүмкін емес еді. Сонымен қатар, ауылдың жағдайы төмен тұрғындарының, түрлі себептері бойынша, газға қосылу үшін қаржылары болмады. Газ мамандары мәселені жергілікті атқарушы органмен бірлесіп шешті. Мемлекет жағдайы төмен 123 отбасына газ қосуға бюджет қаражатын бөлді. Бірақ, табиғи газға қосылу мүмкіндігі жоқ, қаржылық көмекке мұқтаж тағы бірнеше отбасына көмек керек болды.
Сондықтан 2023 жылдың тамыз айында “ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ Қарағанды “Шұбаркөл премиум” АҚ компаниясымен бірлесіп, халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасылар тұратын 12 үйді тегін газдандыру жұмыстарын бастады. Олардың тізімдерін Жезқазған қаласының әкімдігі ұсынды. Ондаған жылдар бойы Қабанбай батыр ауылының барлық үйлеріне жылу беретін жалғыз қазандық, өткен жылы істен шығып, оны жөндеу мүмкін болмай қалды. Бұл тығырықтан шығудың жолы тек үйлерді газға қосу болды, бұл мәселемен айналысу – өткен жылдың көктемінде, жылыту маусымы аяқталғаннан кейін бірден басталған еді. “ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ мамандарының Қабанбай батыр ауылын табиғи газға қосқаны – осы ең маңызды мәселені шешті.
Жезқазған қаласы мен оған іргелес елдімекендер бойынша барлығы 2000 тұтынушының газға қосылу мүмкіндігі бар, бүгінде олардың 32% – ы «көгілдір отынға» қосылған.