«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның хабарлауынша, бұл күндері ауа райының өзгеруіне және өңірлердегі ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты 104 нөміріне келіп түскен өтінімдер саны артқан. Газ саласының авариялық-диспетчерлік қызметінің мамандары тәулік бойы жұмыс істеуде. Газбен тұрақты қамтамасыз ету кезінде орын алған ақауларды қалпына келтіру мен газды қайта қосу жұмыстары тоқтаусыз жүріп жатыр.
Тек мереке күндерінің өзінде (15-18 желтоқсан) 7 442 апаттық шақыру келіп түскен. “ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ қызметкерлері барлық 7442 өтінімді толықтай уақытында орындап шықты.
Жұмыстардың дер кезінде орындалуы үшін 250 білікті маман мен 115 автокөлік жұмылдырылған, бұл туындаған міндеттерді тиімді және жедел шешуге мүмкіндік берді.
Құрметті тұтынушы!
Үйіңізде газдың иісі сезілсе, дереу түрде:
- Барлық газ бұрандаларын жабыңыз;
- Бөлмені желдетіңіз;
- Ашық отты пайдаланбаңыз, электр құрылғыларын қоспаңыз;
- 104 нөмірі бойынша жедел қызметке қоңырау шалыңыз.
Есіңізде болсын, қауіпсіздігіңіз өз қолыңызда!