Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ мерекелік іс-шара өтті.
Компанияның қызметкерлерін Бас директоры Бауыржан Асқаров құттықтап, марапат тапсырды.
«Құрметті әріптестер! Сіздерді еліміздің мемлекеттік мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Биылғы Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында Қазақстан халқының саны 20 миллионнан асты. Еліміздегі орташа өмір сүру ұзақтығы 74,4 жасқа жетті. Бұл азаматтарымыздың әл-ауқаты артып келе жатқанын көрсетеді. Тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға көмегін тигізетін газдандыру деңгейі де артып келеді. Осы желтоқсан айына дейін жаңадан 85 400 абонент қосылды, абоненттеріміздің жалпы саны 2 млн 409 мыңнан асты. Жыл басынан бері 82 елдімекен табиғи газға қосылды. Бүгінгі күні 512 елдімекенге 67 мың 500 км газ құбыры арқылы «көгілдір отын» жеткізіп отырмыз. Астанада күні кеше 10 мыңыншы абонент табиғи газға қосылды», – деді Бауыржан Асқаров.
Компанияның үздік қызметкерлері «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «QazaqGaz» ҰК» АҚ, ҚР Энергетика министрлігінің, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталды.
Баршаңызды Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтаймыз! Барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!