Бүгінде қалалар мен шалғайдағы елдімекендерді газдандыру – олардың дамуына оң әсер етеді, өндіріс пен әлеуметтік саланы одан әрі жандандыруға жол ашады.
Өткен қараша айында «QazaqGaz» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны “ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ Астана қаласындағы жылу энергоорталықтарын (ЖЭО-1, ЖЭО-2, ЖЭО-3) және “Оңтүстік-Шығыс” жаңа газ жылу станциясын табиғи газға қосты. Бұл – тұрғындарға қажетті жылу тапшылығын жоюға, сондай-ақ астанамыздың экологиясын жақсартуға мүмкіндік береді.
Астана қаласының әкімдігі “ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ бірлесіп, құрылысы ұзаққа созылған ЖЭО-3-ті іске қосу үшін биыл үлкен жұмыс атқарды. Соның арқасында қаланың сол жағалауының бір бөлігін және жаңа салынып жатқан аудандарды жылумен қамтамасыз ету мүмкіндігіне қол жеткізілді.
Қуаты сағатына 350 Гкал болатын “Оңтүстік-Шығыс” жаңа газ жылу станциясы Есіл ауданында орналасқан, Астана әкімдігі салған бұл станция жаңа теміржол вокзалының маңындағы “Мыңжылдық” ауданын жылу энергиясымен қамтамасыз етуге арналған.
Сондай-ақ, желтоқсан айының алғашқы онкүндігінде қуаты сағатына 600 Гкал болатын “Тұран” газ жылу станциясының 1-ші кезегін іске қосу жоспарлануда.
Бұдан бөлек, биыл қала әкімдігі “ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ бірге сол жағалаудағы жоғары қысымды айналма газ құбырына газ беруді жүзеге асырды, бұл тұтынушыларға газ жеткізудің сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Осы инфрақұрылымдық жобаларды пайдалануға беру нәтижесінде елордаға газ жеткізу көлемі шамамен жылына 200 млн. м3 жылына 1 млрд. м3 дейін ұлғаяды.
“ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ үшін тұрғындарды, әлеуметтік маңызы бар және коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы объектілерді табиғи газбен үздіксіз қамтамасыз ету басымдық болып табылады.