1 желтоқсан күні, Шымкент қаласында QazaqGaz аппаратының басшысы Дидар Сағымбеков еңбек ұжымдарының өкілдерімен кездесті. Іс-шараға кадр қызметтерінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, әкімшілік-шаруашылық департаменттерінің қызметкерлері және компанияға еншілес және бағынысты кәсіпорындардың, атап айтқанда, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ, «Интергаз Орталық Азия» АҚ және «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС кәсіподақтарының басшылары қатысты.
Кездесу аясында QazaqGaz компаниялар тобының ұйымдарындағы еңбек ұжымдарының, сондай-ақ әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Кездесуге қатысушылар қызметкерлердің өтініштерін, олардың басшылықпен қарым-қатынасын, сонымен бірге мүдделер қақтығысы кезінде туындайтын мәселелерді талқылады.
«QazaqGaz үшін басты құндылық – адамдар. Сондықтан біз үшін әрбір қызметкердің тұрақты әлеуметтік жағдайының болуы және салауатты ортада жұмыс істеуі маңызды. Барлық өзекті мәселелер мүмкіндігінше реттелетініне сенімдімін және біз өз тарапымыздан бар күшімізді саламыз», – деп атап өтті QazaqGaz аппаратының басшысы.
Бұдан бөлек, кездесу аясында еңбек, әлеуметтік бағыт және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негіздері, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары талқыланды.