You are currently viewing Түркістан облысының Төлеби ауданы 100% газдандырылды

Түркістан облысының Төлеби ауданы 100% газдандырылды

«QazaqGaz» ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорны «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Төлеби ауданының Қасқасу, Жоғарғы Қасқасу, Керегетас және Кенесарық елді мекендерін табиғи газға қосты. Осы жобаны іске асырудың арқасында Төлеби ауданында табиғи газбен қамтамасыз етілген елді мекендердің үлесі 100% құрады.

Елдімекендерді «көгілдір отынға» қосу рәсіміне Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директоры Бауыржан Асқаров, елді мекендердің тұрғындары қатысты.


Бүгінде аудандағы 55 елдімекенде жалпы саны 122 732 адам тұрады. Жобаны іске асырудың арқасында тағы 1021 үйдің тұрғындары табиғи газға қосылу мүмкіндігіне ие болды.

Төлеби ауданында табиғи газға қолжетімділікті күшейту жергілікті тұрғындар үшін өмір сүру жағдайларын жақсартудың маңыздылығын көрсетеді және ауданның дамуына бағытталған маңызды қадам болып табылады. Табиғи газға қосылу ауданның экологиялық тазалығын қамтамасыз етеді, сондай-ақ ауыл тұрғындарын көмір тасып, күл шығару машақатынан құтқарады.


– Табиғи газдың өзге отын түрлеріне қарағанда артықшылығы айтарлықтай көп. Көгілдір отын – адамның күнделікті тұрмыс-тіршілігін айтарлықтай жеңілдететіні рас. Дегенмен, тұтынатын табиғи газымыз адамдардың өміріне қауіп төндірмес үшін, оны тұрмыста пайдалану талаптарын қатаң сақтау қажет. Бұл сіз бен жақындарыңыздың денсаулығы мен өмірі үшін маңызды жайт, – деді «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директоры Б.Асқаров.

Бұдан басқа, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бүгінгі таңда Түркістан облысында 12 газ шаруашылығының ғимараттарына күрделі және кезекті жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Жұмыстарды биыл аяқтау жоспарлануда.