You are currently viewing Тұрғын үйді газдандыру үшін нені білу керек?

Тұрғын үйді газдандыру үшін нені білу керек?

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тұрғын үйді жобалау және газдандыру бойынша қызметтер нарығы бәсекелестік ортада екенін хабарлайды.

Бұл жұмыстарды лицензияланған ұйымдар ғана орындауға құқылы, оларды әр тұтынушы өзі таңдайды.

Ақшасына сай сапалы қызмет алу үшін және алаяқтардың құрбаны болмау үшін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ұсынған кеңестерді пайдаланған жөн:

Үйді газдандыру үшін бірінші кезекте «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-нан техникалық шарттар алу қажет. Техникалық шарттарды беру өтеусіз негізде (тегін) жүзеге асырылады. Техникалық шарттарды (ТШ) алуға өтінім берудің мынадай жолдары бар:
онлайн – ktga.kz сайтында «Тұтынушының жеке кабинеті» арқылы. Өтінімді өңдегеннен кейін дайын Техникалық шарттарды SMS түрінде алынған сілтеме бойынша жүктеуге болады;
өңірлерде орналасқан «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өндірістік филиалдарының мекенжайлары бойынша;
ХҚКО арқылы (қазіргі уақытта қызметтер Астана қаласындағы екі ХҚКО-да: Серкебаев к-сі 13 және Сәтбаев к-сі 25 көрсетіледі);
«eGov.kz» порталы арқылы.
«Нарықты» талдаңыз: әр түрлі интернет-ресурстарда (market-place) өнім берушілердің ұсыныстарын зерделеңіз, үйлеріне табиғи газ кіргізген туғандарыңыз бен таныстарыңыздан сұраңыз.
Салыстыру үшін істелетін жұмыс құнына (құбыр жүргізудің 1 метрі қанша болады, бір жабдықты орнатуға қанша ақша алады және т. б. үшін) және жұмыстың орындалу мерзімдеріне назар аударған жөн.
Пікірлерге назар аударыңыз.
Компанияның өз кеңсесі мен сайтының болуы да сенімнің маңызды факторы болып табылады.
Таңдалған компанияның сенімділігін тексеру үшін лицензиялары мен аттестаттарының бар-жоғын тексеріңіз. Мұны мына ресурстар арқылы жасаған дұрыс https://elicense.kz/LicensingContent/SimpleSearchLicense (контрагенттерді тексеру сайттарында ұйымның БСН-ін оның атауы бойынша білуге болады https://pk.uchet.kz/, https://statsnet.co/, https://pk.adata.kz/ және көптеген т.б.).
Сондай-ақ, осы сайттардан компаниялардың нарықтағы нақты тәжірибесін біле аласыз.
Егер қандай да бір компанияны таңдасаңыз, олардан үлгілік шартты және істелетін жұмыстардың нақты сметасын сұраңыз. Смета келісім-шартқа міндетті қосымша болуы тиіс.
Дәнекерлеу жұмыстарын жүргізетін компания жұмыскерлерінде аттестаттау куәлігінің болуын сұраңыз. Куәліктерде дәнекерлеушінің жұмыстардың қандай түрлерін орындауға рұқсаты бар екені көрсетіледі.
Шартты жасасуда келесі тармақтарды толтыру міндетті: шарттың мәні, жұмыстың құны, орындалу мерзімдері, біткен жұмысты қабылдау қалай жүзеге асырылатыны.

НАЗАР аударыңыз! Құрылыс компанияларының сырттағы газ тарату жүйесіне газ құбырын жүргізген тұрғын үйді тікелей қосылуға құқығы жоқ, мұны «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ іске асырады.

Тұрғын үйді газдандыру бойынша кешенді жұмыстар аяқталғаннан кейін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ объектіні табиғи газға қосуға дайындығын және орындалған жұмыстың берілген техникалық шарттарға сәйкестігін тексереді. Осы тексеру барысында мердігер жіберген түрлі кемшіліктер мен бұзушылықтар анықталуы мүмкін, оларды дұрыстауға мердігер міндетті болады!

«ҚазТрансГаз Аймақ» ақ жобалау және құрылыс қызметтерін ұсынбайды және газдандыру қызметтерін көрсететін компаниялардың қызметі үшін жауап бермейді!