Бектұрова Арман Тұрсынқызы
«QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары
Арман Бектұрова Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін (экономист), Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын (заң магистрі) бітірген. Сонымен қатар Л. И. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде (Мемлекеттік аудит PhD доктор).
Еңбек жолын Т.Рысқұлов атындағы Оңтүстік Қазақстан экономикалық институтында оқытушы болып бастады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алулар агенттігінде жұмыс істеді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде Бөлімнің жетекші маманынан департамент директоры лауазымына дейін көтерілді.
2018-2022 жылдар аралығында ТМД-ның Бухгалтерлік есеп бойынша үйлестіру кеңесінде, БҰҰ жанындағы есеп беру және стандарттар жөніндегі үкіметаралық жұмыс тобында басшылық қызметтер атқарды, ішкі аудит қоғамдастығының орынбасары болды.
2022-2023 аралығында «QazaqGaz» ҰК» АҚ Баға саясаты және мониторинг департаменті директоры лауазымын атқарды.
2023 жылғы 13 қыркүйектен бастап «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.