You are currently viewing ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР МЕН ОБЪЕКТІЛЕРДІ ГАЗДАНДЫРУ ҮШІН ТЕХНИКАЛЫҚ ШАРТТАРДЫ ЕНДІ EGOV.KZ-ТЕН АЛУҒА БОЛАДЫ

ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР МЕН ОБЪЕКТІЛЕРДІ ГАЗДАНДЫРУ ҮШІН ТЕХНИКАЛЫҚ ШАРТТАРДЫ ЕНДІ EGOV.KZ-ТЕН АЛУҒА БОЛАДЫ

Енді Қазақстан азаматтары өздерінің тұрғын үйлері мен объектілерін газдандыру үшін техникалық шарттарды eGov.kz порталынан онлайн ала алады.

EGov.kz порталындағы осы жаңа қызметтің іске қосу үшін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Энергетика министрлігі, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлесіп жұмыс істеді.

Бұдан былай жеке тұлғалар өз үйлерінен шықпай-ақ электронды цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) қолданып, eGov.kz порталы арқылы газдандыру үшін техникалық шарттарды алуға өтінім бере алады. Техникалық шарттарды қарау және беру процесіне техникалық күрделі емес объектілер үшін 5 жұмыс күні және техникалық күрделі объектілер үшін 10 жұмыс күні кетеді.

EGov.kz порталында объектілерді және тұрғын үйлерді газдандыруға техникалық шарттарды алу үшін азаматтар бар болғаны бірнеше қарапайым әрекеттерді жасау керек:

  1. eGov.kz порталында жеке тіркеуден өту;
  2. Байланыс телефонын және электронды почтаны көрсету;
  3. Тұрғылықты мекенжайды таңдау;
  4. Газдандыру объектісінің мекенжайын таңдау;
  5. Техпаспорттың скан көшірмесін қоса тіркеу;
  6. Газдандыру объектісі бойынша деректерді көрсету;
  7. ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қою;
  8. Техникалық шарттардың берілетіні немесе берілмейтіні туралы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ жауабын күту.

Бұл жаңа қызмет азаматтардың уақытын үнемдейді, бұрынғыдай  кеңселерге бару мен қағаз құжаттарын толтырудың қажеті болмайды. Онлайн-сервис сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үйлер мен объектілерді газдандырудың қолжетімділігін жақсартуға ықпал етеді.

– «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ газдандыру процестерін тұрғындар үшін қарапайым әрі қолжетімді ету жолын үнемі қарастырып келеді. eGov.kz порталындағы жаңа қызмет біздің тұтынушыларымызға жайлы және тиімді боларына сенімдіміз, –  деп атап өтті «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директоры Бауыржан Асқаров.