You are currently viewing ҚАУІПСІЗДІК БӘРІНЕН МАҢЫЗДЫ!

ҚАУІПСІЗДІК БӘРІНЕН МАҢЫЗДЫ!

Табиғи газ – жайлылық пен халықтың әл-ауқатының жақсару белгілерінің бірі. Халықты газбен үздіксіз қамтамасыз етуді басты мақсаты санайтын  «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тұтынушыларды газды пайдаланғанда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, әсіресе газ құрылғыларын пайдалану кезінде аса сақ және мұқият болуға шақырады және осы бағыттағы сауаттандыру жұмыстарын жан-жақты жүргізіп келеді.

Қыркүйек айының басынан бастап Компания өңірлердегі жергілікті телеарналардан газды қауіпсіз пайдалану ережелерімен танысуға мүмкіндік беретін бейнероликтерді көрсете бастады. Телеарналардан күніне 3-8 рет шығатын бұл роликтер, сондай-ақ әлеуметтік нысандар, аурухана мен емхана, сауда орталықтары, ХҚКО, көшедегі автобустардағы мониторлардан да көрсетіліп жатыр.

Сондай-ақ, жергілікті телеарналарда күнделікті өмірде газды пайдалану кезінде жазатайым оқиғалардың алдын алу шараларын үнемі еске салатын жүгіртпе жол орналастырылды. Бұл халықтың хабардар етудің тағы бір жолы.

Сонымен қатар, халықтың басын қосып, жиындар өткізіліп, онда жылу беру кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары таныстырылуда. Тұрғындарға жылыту пештері мен жылыту аспаптарын дұрыс пайдалану бойынша жадынамалар таратылады. 2023 жылдың соңына дейін Компания қызметкерлері аймақтар бойынша 50 000-нан астам жадынама таратуды жоспарлап отыр.

«ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясының тағы бір бастамасын атап өту маңызды. Оған сәйкес, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі компанияның «112» нөмірі бойынша мәтіндік хабарламалар жіберу жөніндегі бастамасын қолдады.  Осылайша, ағымдағы жылдың 13 қыркүйегінен бастап барлық өңірлерде «112» бірыңғай диспетчерлік қызметінен табиғи газды пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша азаматтардың ұялы телефондарына апта сайын SMS-хабарлама жіберу басталды.

Қыркүйек айының басынан бастап Компания қызметкерлері оқу орындары мен коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындарда табиғи газды қауіпсіз пайдалану бойынша дәрістер өткізуде. Бұл іс-шаралар балалар мен ересектерге газды дұрыс пайдалану мен қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын білуді үйретуге бағытталған. Дәрістер үйдегі газ құрылғыларын қауіпсіз пайдалану негіздерінен бастап газдың ауаға тарауы мен одан туындайтын  өрттің алдын алу принциптеріне дейінгі тақырыптардың кең ауқымын қамтиды. Дәріс өткізуші компания филиалдарының мамандары өз білімдері мен тәжірибелерімен бөлісіп, газды пайдалануға жауапкершілікпен қарауды үйретеді.

Өңірлерде Төтенше жағдай департаменттері мамандарымен бірлесіп жоспарлы негізде тұрмыста газды қауіпсіз пайдалану қағидаларын сақтау бойынша рейдтер жүргізілуде. Бұл іс-шаралар қауіпсіздік стандарттарының сақталуын бақылау мен қадағалауға ықпал етеді.

Сонымен қатар, өндірістік филиалдардың қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын үйренуде. Бұл қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, өйткені бұл қызметкерлер төтенше жағдай орын ала қалса, алғашқылардың бірі болып көмекке келеді.

Компания Instagram және Facebook сияқты әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланатын жастарды да табиғи газды қауіпсіз пайдалану тақырыбымен үнемі таныстырып отыр. Әлеуметтік желіде қоғамды қауіпсіздік ережелеріне үйрететін ақпараттық хабарламалар мен бейнероликтер үнемі жарияланады. Әлеуметтік медианы насихаттау маңызды хабарламаларды кең аудиторияға жеткізуге көмектеседі және газ қауіпсіздігі туралы ақпарат алатын тұтынушылар санын арттырады.

Бұдан басқа, тұтынушылар газды пайдаланған кезде жазатайым оқиғаларға жол бермеу мәселелерін талқылау мақсатында газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуді (ҮІГЖ ТҚК) орындайтын мердігер ұйымдармен кеңестер өткізіледі. Бірлескен күш-жігер газ жүйелерінің қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді.

Бұдан басқа 28 қыркүйектен бастап барлық өңірлік коммуникациялар қызметтерінде Компания өкілдерінің қатысуымен газды қауіпсіз пайдалануға қатысты брифингтер өткізілуде.

Осылайша, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ азаматтардың табиғи газды пайдалануда  қауіпсіздік ережелерін сақтауы үшін жан-жақты ақпараттық жұмыстарды тоқтаусыз жүргізіп келеді. Бұл іс-шаралар қауыпсіздік мәселесінің маңыздылығын көрсетеді. Газ қызметкерлері барлық азаматтарды 2023-2024 жылдардағы жылыту кезеңін қауіпсіз және жайлы өткізу үшін қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Табиғи газды пайдалануда абай болыңыздар!