You are currently viewing ТАЛДЫҚОРҒАНДАҒЫ «ҮЙТАС» САЯЖАЙЫНА ГАЗ ТАРТЫЛДЫ

ТАЛДЫҚОРҒАНДАҒЫ «ҮЙТАС» САЯЖАЙЫНА ГАЗ ТАРТЫЛДЫ

Талдықорған қаласындағы «Үйтас» саяжайының тұрғындарына қала күнінде ерекше сый жасалды. Олар бүгін көптен күткен табиғи газға қол жеткізді. Енді мұндағы 4200-ден астам тұрғынның газға қосылу мүмкіндігі бар. Бұл тұрғын алабын газдандыру жобасы 2020 жылы басталған.

Сондай-ақ биыл «Жастар-2», «Ынтымақ» жеке тұрғын алаптарындағы 11,5 мың тұрғын және Талдықорған қаласындағы қалған учаскелердің 585 тұрғыны газға қол жеткізеді. Ал 2024 жылы Мойнақ ауылында газ желілерін салу жұмыстарын аяқтау жоспарлануда.

«Үйтас» саяжай қауымдастығының төрайымы Людмила Хадисова тұрғындардың атынан алғыс айтты. Мұнан соң салтанатты түрде газ қосу рәсімі атқарылды. «Үйтас» саяжай алабының алғашқы газ тұтынушыларының бірі, алты баланы жалғыз тәрбиелеп отырған көп балалы ана Әсия Чукубасованың үйі әлеуметтік қолдау ретінде газға тегін қосылды.

Облыс әкімінің айтуынша, 2025 жылға дейін Кербұлақ ауданынан Талдықорғанға дейінгі елді мекендерді толық газдандыруды жоспарланған, ал 2030 жылға қарай өңірді газдандыру 100%-ға жетеді.