«QazaqGaz Aimaq» АҚ-ның Батыс Қазақстан өндірістік филиалы Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Бұлан, Жамбыл және Қызылағаш елді-мекендерінде газ беруді уақытша тоқтату туралы хабарлайды.
Жоғарыда аталған елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ететін газ құбырындағы қысымның төмендеуіне және Жымпиты АГТС-да газ тұтынудың қалыптан тыс ұлғаюына байланысты, 104 авариялық бригаданың мамандары желілік ысырманы жауып, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 186 жергілікті тұтынушы мен 2 коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорынның газын ажыратуға кірісті. Қазіргі уақытта авариялық қызмет 12 шақырым газ желісіне жедел техникалық тексеру жүргізуде.
Өз кезегінде, «QazaqGaz Aimaq» АҚ ықтимал тәуекелдерді болдырмау мақсатында тұтынушыларға:
– газ құрылғыларының өшірулі екенін тексеруді;
– мамандардың газ жабдықтарына қол жеткізуін қамтамасыз етуді:
– газдың иісі пайда болған жағдайда, дереу 104 телефон нөмірі бойынша апаттық қызметке хабарлауды ұсынамыз.
Қалпына келтіру жұмыстары аяқталғаннан кейін, газды қайта іске қосу бірден жүзеге асырылады.
Біз сіздің түсінігіңіз үшін алғыс айтамыз және бірлескен күш-жігер барлық қажетті жұмыстарды тез және қауіпсіз аяқтауға көмектесетініне сенімдіміз.