You are currently viewing «QazaqGaz Aimaq» АҚ ескертеді:газ құбырларының маңында рұқсатсыз жұмыстар жүргізу апаттарға және қауіпсіздікке қатер төндіреді

«QazaqGaz Aimaq» АҚ ескертеді:газ құбырларының маңында рұқсатсыз жұмыстар жүргізу апаттарға және қауіпсіздікке қатер төндіреді

«QazaqGaz Aimaq» АҚ жыл басынан бері жеке компаниялар мен үшінші тұлғалардың жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде белгіленген ережелерді өрескел бұзу фактілерінің өсуін тіркеп отыр. Бұл әрекеттер газ тасымалдау жүйесінің зақымдалуына әкелуде.

Жыл басынан бері Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында компанияның авариялық-диспетчерлік қызметі бөгде адамдардың әрекетінен туындаған газ құбырларының механикалық зақымдануының екі жағдайын тіркеді. Екі жағдайда да бөгде ұйымдар белгіленген қауіпсіздік талаптарын елемей, рұқсатсыз жер қазу жұмыстарын жүргізді.

Мұндай мердігерлердің кәсіби емес және жауапсыз әрекеттері халық үшін нақты қауіп төндіреді, авариялық қызметтерді газбен жабдықтауды шұғыл түрде өшіруге және зақымдалған жерлерді қалпына келтіруге айтарлықтай ресурстар жұмсауға мәжбүр етеді.

Осындай жағдайлардың әрқайсысына «QazaqGaz Aimaq» АҚ мамандары жедел әрекет етіп, шұғыл шаралар кешенін жүзеге асырады:

  • қауіпті аймақты қоршау және газдану деңгейін бақылау;
  • зақымданған учаскені анықтау, топырақты ашу және ақауды жою;
  • газ құбырының герметикалығын тексеру және газ беруді қайта қосу.

«QazaqGaz Aimaq» АҚ ескертеді: газ құбырларының маңында кез келген жұмыс тек құзыретті органдардың рұқсатымен және қауіпсіздік нормаларына қатаң сәйкестікте жүргізілуі тиіс.

Газ құбырына зақым келтірген тұлғалар келтірілген залал үшін толық жауапкершілікке тартылады, оған материалдық және құқықтық салдарлар да кіреді. Бұл ережелерді бұзу адамдардың өміріне қауіп төндіреді, газбен жабдықтауда үзілістерге әкеледі және зардаптарын жою үшін айтарлықтай шығындарды талап етеді.

Тұрғындар мен ұйымдар табиғи газды пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауы қажет. Газдың иісі немесе шығуына күдік туындаған жағдайда, 104 нөмірі бойынша «QazaqGaz Aimaq» АҚ авариялық-диспетчерлік қызметіне дереу хабарлаңыз.

«QazaqGaz Aimaq» АҚ мердігерлерді, жер учаскелерінің иелерін және жауапты тұлғаларды қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Газ тасымалдау жүйесі – стратегиялық объект және оның зақымдалуына жол берілмейді!

Жауапты болыңыз – өзіңізге және айналаңыздағы адамдарға қауіп төндірмеңіз!