You are currently viewing «QazaqGaz Aimaq» АҚ Шығыс Қазақстан облысында су тасқыны қаупінің жоғары болуына байланысты жұмысты күшейтуде

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Шығыс Қазақстан облысында су тасқыны қаупінің жоғары болуына байланысты жұмысты күшейтуде

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Шығыс Қазақстан өндірістік филиалының жұмыскерлері ықтимал болатын көктемгі су тасқыны кезінде газ объектілері мен жабдықтарын пайдалануға дайындау бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыруға кірісті. Бұл жұмыста оларға ҚР ШҚО ТЖД Зайсан ауданының төтенше жағдайлар бөлімі қолдау көрсетуде.

Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысының газшылары мен құтқарушылары бірқатар негізгі міндеттерді табысты орындады:

– құлақтандыру схемасын бекітті және ықтимал су басу аймақтарын зерттеді;

– арнайы оқытылған авариялық бригаданы құрды;

– газ құбырларын күнделікті аралап шығу кестесін белгіледі;

– ГРП мен ШГРП-ға іргелес аумақтарды өз күштерімен қардан тазарту жұмыстарын жүргізді;

– ықтимал су басу аймақтарында тиек арматурасына жоспардан тыс техникалық қызмет көрсетуді жүргізді;

– авариялық-қалпына келтіру автокөлігі қажетті құрал-саймандармен және материалдармен жасақталды;

– барлық жұмыскерлер арнайы киіммен, аяқ киіммен, сондай-ақ қорғаныс каскаларымен, қолғаптармен және жылы костюмдермен қамтамасыз етілді.

Айта кетейік, жедел әрекет ету үшін филиалдың 35 жұмыскерінен тұратын резерв қалыптастырылды, олар газ объектілерінің жағдайын бақылауға, инфрақұрылымның ықтиал зақымдануын жоюға және апатты жағдайларда газбен жабдықтауды жедел қалпына келтіруге жұмылдырылады.

Тұтынушыларға қамқорлық көрсету – біздің компания миссиясының маңызды бөлігі. Біз «Адамдарға жылу мен қуаныш сыйлау, еліміздің әл-ауқатын арттыруға үлес қосу» қағидатын ұстанамыз. Біз тұтынушыларымыздың үйлеріне газды үздіксіз және қауіпсіз беруді қамтамасыз ету үшін бар күшімізді саламыз.

Естеріңізге сала кетейік, газдың иісі немесе басқа да ағу белгілері байқалған жағдайда тез арада 104 нөмірі бойынша авариялық-диспетчерлік қызметке хабарласып, эвакуациялау жөніндегі нұсқаулықтарды орындау қажет.

Біздің тұтынушыларымыздың қауіпсіздігі мен жайлылығы – біздің басты басымдығымыз!

Анықтама: «QazaqGaz Aimaq» АҚ-ның Шығыс Қазақстан өндірістік филиалы 6 453 абонентке газды үздіксіз беруді қамтамасыз ете отырып, шамамен 346 351 метр газ құбырына қызмет көрсетеді.