Мемлекеттік газдандыру бағдарламасы аясында Целиноград ауданының«Нұрлы» тұтынушылар кооперативінде табиғи газды іске қосу рәсімі өтті. Енді 3500-ден астам тұрғын экологиялық таза және экономикалық тиімді отынға қол жеткізді.Салтанатты іске қосу рәсіміне Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Бас директоры Бауыржан Асқаров, депутаттар және аудан жұртшылығы қатысты.
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңірді газдандыру жұмыстарыбелсенді түрде жалғасатынын атап өтті:
«Халықты табиғи газбен қамтамасыз ету – тұрғындардың өмір сүру сапасынжақсартуға және өңір экономикасын қолдауға бағытталған маңызды инфрақұрылымдықжобалардың бірі. Бұл мәселе ел Президентінің бақылауында.
«Сарыарқа» магистральдық газ құбыры құрылысының І кезеңі аясында Аршалыауданындағы 17 елді мекеннің тұрғындарына газ берілді. Бүгін газ Целиноград ауданынада келді.
2025 жылы Целиноград ауданының тағы үш ауылына – Шұбар, Қоянды, Аққайыңелді мекендеріне және Қосшы қаласына газ жеткізіледі. 835 км-ден астам газ құбырысалынып, 21 664 абонент табиғи газбен қамтылады», – деді Марат Ахметжанов.
«QazaqGaz Aimaq» АҚ Бас директоры Бауыржан Асқаров газды пайдаланукезіндегі қауіпсіздіктің маңыздылығына тоқталды:
«Газ – бұл жайлылық пен жылу, бірақ оны пайдалану жауапкершілікті талап етеді. Жаңа тұтынушылар ең алдымен тұрмыста табиғи газды пайдалану ережелерін үйренуі, жабдықты уақытылы тексеріп, оның жарамдылығын қадағалауы қажет», – деді Б.Асқаров.
Алғашқылардың бірі болып газға қосылған Аужановтар отбасы атқарылған жұмысүшін алғыс білдірді.
«Біз газды көп күттік. Оның небәрі жарты жыл ішінде орнатылуына куә болдық. Біздің басты мәселеміздің шешілуіне көмектескені үшін ел Президентіне алғысымыздыбілдіреміз», – деді жанұя егесі Мұрат Аужанов.
Елді мекенді газдандыру аясында шамамен 68 км газ желісі тартылып, 7 шкафтықгаз тарату станциясы орнатылды.
Өңірді газдандыру жұмыстары жалғасып, тағы да көптеген үйлер экологиялық таза әрі ыңғайлы энергия көзімен қамтамасыз етіледі.