You are currently viewing «QazaqGaz Aimaq» АҚ авариялық-диспетчерлік қызметі жедел түрде газдың ағуының алдын алды

«QazaqGaz Aimaq» АҚ авариялық-диспетчерлік қызметі жедел түрде газдың ағуының алдын алды

Орналасқан жері: Жетісай қаласынан Жылысу ауылдық округіне қарай баратын автожол бойы.

          Бүгін, 104 авариялық-диспетчерлік қызметінің пультіне «QazaqGaz Aimaq» АҚ Түркістан өндірістік филиалының Жетісай газ шаруашылығы слесарінен жоғары қысымды жерасты құбырында газдың ағуы туралы хабарламамен, телефон қоңырауы келіп түсті.

Авариялық бригада дереу болжалды оқиға орнына жетіп, аумақты қоршауға алды және топырақтың газдану деңгейін өлшеуге кірісті. Сонымен қатар, газдың ағуын анықтау және газ құбырын қалпына келтіру үшін арнайы техниканы дайындау шараларын жүргізді.

Жоғары қысымды газ құбырында газдың ағуы анықталған жағдайда, қалпына келтіру жұмыстары кезінде келесі объектілерді газбен жабдықтауды уақытша тоқтатуға мәжбүр болатынымзды хабарлаймыз:

  • Өнеркәсіптік кәсіпорындар – 19 бірлік.
  • Жеке тұрғын үйлер – 4300 абонент.
  • Коммуналдық-тұрмыстық объектілер – 43 бірлік.

«QazaqGaz Aimaq» АҚ тұрғындар мен ұйымдардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды. Қауіпсіздік шараларын сақтап, тек қана ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.

Газды қайта іске қосу қалпына келтіру жұмыстары аяқталғаннан кейін бірден жүзеге асырылады. Қосымша ақпарат алу үшін 104 телефоны бойынша авариялық-диспетчерлік қызметке хабарласуға болады.

Түсіністік танытқандарыңызға алғысымызды білдіреміз және бірлескен күш-жігердің арқасында барлық қажетті жұмыстарды тез және қауіпсіз аяқтайтынымызға сенімдіміз.