Орналасқан жері: Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы,
Алмазар көшесі.
«Qazaqgaz Aimaq» АҚ Түркістан өндірістік филиалының Сайрам АГШ шеберінің қырағылығы мен жедел әрекеттері орта қысымды жерасты газ құбырындағы газдың ағуын уақтылы анықтауға және ықтимал инциденттің алдын алуға мүмкіндік берді.
Жоспарлы тексеру барысында шебер метанның ағуын байқап, қауіпсіздік техникасының талаптарына қатаң сәйкестікте әрекет етті: газ құбырына газ беруді жедел тоқтатып, 104 нөмірі бойынша авариялық-диспетчерлік қызметті дереу шақырды. Газшылар газ желілерін жөндеу және сервистік қызмет қызметтерінің мамандарымен бірлесе отырып тез арада аумақты қоршап, топырақтың газдану деңгейін өлшеді және газдың ағуын жою және газ құбырын қалпына келтіру үшін жер қазу жұмыстарына кірісті.
Қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге байланысты келесі объектілерге газ беру уақытша тоқтатылғанын хабарлаймыз:
– Өнеркәсіптік кәсіпорындар – 2 бірлік.
– Оқу орындары (мектептер мен колледждер) – 3 бірлік.
– Медициналық мекемелер (аудандық аурухана және жеке клиникалар) – 7 бірлік.
– Жеке тұрғын үйлер – 5800 абонент.
– Коммуналдық-тұрмыстық объектілер – 66 бірлік.
«QazaqGaz Aimaq» АҚ тұрғындар мен ұйымдардан туындаған уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды. Қауіпсіздік шараларын сақтап, тек қана ресми ақпарат көздеріне сенуді еске саламыз.
Газды қайта іске қосу қалпына келтіру жұмыстары аяқталғаннан кейін бірден жүзеге асырылады. Қосымша ақпарат алу үшін 104 телефоны бойынша авариялық-диспетчерлік қызметке хабарласа аласыз.
Сіздердің түсіністік танытқандарыңызға алғысымызды білдіреміз және бірлескен күш-жігердің арқасында барлық қажетті жұмыстарды тез және қауіпсіз аяқтауға мүмкіндік беретініне сенімдіміз.