You are currently viewing Жұмыс сапары аясында QazaqGaz Aimaq басшылығы БҚО өндірістік филиалының ұжымымен кездесті

Жұмыс сапары аясында QazaqGaz Aimaq басшылығы БҚО өндірістік филиалының ұжымымен кездесті

Орал қаласы – Құқықтық мәселелер және қоғаммен байланыс жөніндегі басқарушы директор Абзалбек Сұлтанбек және Персонал басқару және еңбекақы төлеу департаментінің директоры Сүлеймен Утаров «QazaqGaz Aimaq» АҚ Батыс Қазақстан облысы өндірістік филиалының еңбек ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында еңбек, әлеуметтік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негіздеріне, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылды.

«Біздің басты құндылығымыз – адамдар. Сондықтан әрбір жұмыскердің тұрақты әлеуметтік пакетінің болуы және жайлы атмосферада жұмыс істеуі біз үшін өте маңызды. Мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Осыған байланысты, біз жұмысшы мамандардың мәртебесін арттыруға ерекше назар аударатын боламыз. Сіздің филиалыңызда 350-ден астам адам өндірісте жұмыс істейді. Біз сіздердің еңбектеріңізді жоғары бағалаймыз және әлеуметтік сипаттағы туындайтын мәселелерді шешу үшін мүмкіндігінше бар күшімізді саламыз», – деп атап өтті басқарушы директор.

Бұған дейін QazaqGaz Aimaq басшылығы жұмыс сапарымен Қостанай облысының ӨФ ұжымымен кездесті.

АНЫҚТАМА:

Батыс Қазақстан облысы бойынша пайдаланылатын газ құбырларының жалпы ұзындығы – 10 063 км, газдандыру – 99,8% құрайды.

Сонымен қатар, 2017-2024 жылдар аралығында «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Батыс Қазақстан өндірістік филиалының «Ростоши-Тайпақ» газ құбырын реконструкциялау бойынша инвестициялық бағдарламасы аясында 44,09 км құбыр ауыстырылды. 2024 жылы 5,055 км құбыр ауыстырылды, жоспар бойынша 2025 жылы 4,77 км газ құбырын ауыстыру көзделген.