Оқиға орны: Алматы қ., Түрксіб ауданы, Захаров көшесі, 56,
«QazaqGaz Aimaq» АҚ 2025 жылғы 16 қаңтарда үшінші тараптардың кәріз құбырларын төсеу үшін жүргізген жер қазу жұмыстары барысында белгісіз тұлғалар QazaqGaz Aimaq-тың орташа қысымды жерасты газ құбырының учаскесіне зақым келтіргенін хабарлайды. Оқиға асфальт жабынын тесу кезінде жеке тұлғалардың біліктілігі жеткіліксіз әрекеттерінің нәтижесінде орын алды.
Осыған байланысты, қазіргі уақытта «QazaqGaz Aimaq» АҚ-ның Алматы өндірістік филиалы газ құбырының зақымдалған учаскесінің авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жедел орындауға кірісті.
Жөндеу жұмыстарын орындау кезінде келесі объектілерге газ беру уақытша тоқтатылады:
– көпқабатты тұрғын үйлердегі 8 048 пәтер;
– жеке сектордағы 2 543 үй;
– 67 коммуналдық-тұрмыстық және өнеркәсіптік кәсіпорындар.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, біз жергілікті тұрғындардан жұмыстарды жүргізу уақытында газ крандарын жабуды және іске қосу-жөндеу іс-шаралары аяқталғанға дейін крандарды ашпауды сұраймыз.
Компания сондай-ақ инженерлік коммуникацияларға жақын кез келген жұмыс тек тиісті органдардың рұқсатымен және барлық қажетті қауіпсіздік нормалары мен стандарттарын сақтай отырып жүргізілуі тиіс екенін еске салады.
Құрметті азаматтар, күнделікті өмірде табиғи газды пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын ұмытпаңыз. Газдың иісі немесе газдың ағып кетуіне күдік анықталған жағдайда, 104 нөмірі бойынша «QazaqGaz Aimaq» АҚ-ның авариялық-диспетчерлік қызметіне дереу хабарлаңыз.
Компания қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі түсіністік пен ынтымақтастықтарыңыз үшін алғыс білдіреді.